Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Халықтың баяу қимылдайтын топтары үшiн объектiлердiң қолжетiмдiлiгiне қатысты ақпараты

23.09.2016

«Солтүстiк Қазақстан облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ мүгедектерге объектiлердiң қолжетiмдiлiгiне талаптардың бөлiгiнде құрылыс салу нормаларын мiндеттi түрде сақталуы, объектiлердi жобалау және құрылыс салу кезiнде техникалық тапсырмаларды әзiрлеумен айналысатын барлық ұйымдарға (кiреберiс тобы, қозғалу жолдары және қызмет көрсету аймақтары, ақпарат пен телекоммуникацияның арнайы құралдары болған жағдайын) хабарлайды, 2015 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлген мына құрылыс нормаларында анықталған:

  • «Халықтың баяу қимылдайтын топтары үшiн ғимараттар мен құрылыстардың қолжетiмдiлiгi» (ҚР ҚН 3.06-01-2011);
  • «Халықтың баяу қимылдайтын топтарының қажеттiлiктерiн ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер» (ҚР ЕЖ 3.06-02-2012).

Аталған құрылыс нормалары Қазақстан Республикасы 2015 жылы ратификациялаған Мүгедектердiң құқықтары туралы конвенцияның принциптерi мен Халықаралық паралимпиялық комитет талаптарын ескере отырып әзiрленген.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүгедектердiң құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңмен «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Заңға мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген:

  • объектiнi жобалау, салу және кейiннен пайдалану процесiнде әлеуметтiк, көлiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн қол жеткiзудi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк нормативтердiң сақталмауы сәулет, қала құрылысы және құрылыс заңнамасының бұзушылықтарына жатады. Субъектiлердiң оларға жол беруi Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жауаптылыққа әкеп соғады;
  • құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларында мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар ескерiлуге тиiс.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика