Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Петропавл қаласындағы мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңарту

31.08.2017

«Мәдениет және демалыс саябағы» Петропавл қаласының орталық бөлiгiнде Қазақстан Конституциясы, Егемен Қазақстан, Попов, Тоқсан би көшелерi шекарасындағы қалыптасқан құрылыста орналасқан. Жалпы алаңы 36,16 га құрайды. «Мәдениет және демалыс саябағы» жер бедерi бiр қалыпты.

«Мәдениет және демалыс саябағы» шартты түрде бөлiктерге бөлiнген:

1. Кiру тобы және орталық алаң;

2. Аттракцион саябағы;

3. Белсендi демалыс аймағы;

4. Тынық демалыс аймағы.

Қала қонақтары және тұрғындары үшiн қолайлы климат қалыптастыру үшiн Петропавл қаласының дамуының түйiндi сұрақтарының бiрi болып, «Мәдениет және демалыс саябағы» болып табылады.

Бүгiнгi күнi, қоғамдық пiкiрдi ескере отырып, жоба-сметалық құжаттама әзiрленген және мемлекеттiк сараптама жүргiзiлген, бас мердiгер анықталды.

Қайта жаңартудың тапсырыс берушiсi болып «Петропавл қаласының тұрғын коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ табылады.

Жобада абаттандыру және көгалдандыру, асфальтбетон және брюсчат жабының төсеу, қиыршық тас жолдары, велосипед жолдары, балалар автодромы, спорт алаңы, мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн арналған алаңдар, шағын сәулеттiк формаларды орнату жұмыстары қарастырылған.

Қазiргi тротуарлар жолдары және алаңдар жүйелерiне жобада жаңа жаяу жүргiншiлер байланысын ұйымдастыру қарастырылған.

Мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз ету үшiн қайта жаңарту жобасында жолдардың барлық ұзындығы бойынша пандустар қарастырылған.

Жобада жол жүргiншiлер жолдары желiсi қарастырылған, атап айтсақ:

  • Әр түрлi ендi бетон плиткалары пайдаланылған серуендеу тротуарлары;
  • Асфальтбетоннан жасалған велосипед жолдары.

Тәулiктiң қараңғы уақытында көше шамдары көмегiмен территория аймағын жарықтандыру қарастырылған.

Жоюада ағаш және бұталар түрiндегi екпелермен көгалдандыру қарастырлған.

Осы мақсатта жасыл екпелер массивiн сауықтандыру үшiн жобада ауру ағаштарды шабу қарастырылған.

Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлiк желiлерiне дейiн минималды қашықтықпен қамтамасыз етiлген қашықтықта екпелердi егу жүзеге асырылады.

Мәдени мұраны сақтау мақсатында, мәдениет және демалыс ескi саябағында қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевқа ескерткiш орнатылды.

СҚО әкiмдiгiнiң сәулет
және қала құрылысы басқармасы
баспасөз хатшысы

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика