Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Халықпен арақатынасу || Қала құрылысы кеңесі

Қала құрылысы кеңесі

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы «10» сәуiрдегi
№ 121 қаулысына
қосымша

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2007 жылғы «06» сәуiрдегi
№ 81 қаулысымен
бекiтiлдi

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы Қала құрылысы кеңесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы Қала құрылысы кеңесi (әрi қарай — Кеңес) кеңестiк-мәжiлiстiк орган болып табылады және Солтүстiк Қазақстан облысындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң негiзгi бағыттарын үйлестiру үшiн құрылды.

2, Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерi, облыстық әкiмдiктiң қаулылары, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерi және осы Ереже құрайды.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:

1) қала құрылысы және сәулет жобаларын кәсiби бағалау, жобалау жұмыстарының техникалық деңгейiн көтеру;

2) облыстың бас сәулетшiсiмен келiсуге жататын, заңды және жеке тұлғалардың тапсырмасы бойынша әзiрленетiн нобайлық және жобалау — жоспарлық құжаттаманы, мыналарды қоса:

облыстың қалалары мен iрi елдi мекендердiң бас жоспарын;

сәулет-қала торабы жобаларын;

егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын;

жаңа құрылыс, реконструкциялау және қалпына келтiру объектiлерiнiң жобаларын;

ғимараттар мен имараттардың эксперименттiк және концепциялы жобаларын қарау болып табылады.

3. Кеңестiң өкiлеттiгi

4. Кеңес өз құзыретi шегiнде:

1) облыстың жергiлiктi атқарушылық және басқа да мемлекеттiк органдарынан, жобалау ұйымдары мен тапсырыс берушiлерден оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

2) Кеңес отырысында қарастырылатын мәселелердi қарау барысында қатысуы қажеттi тапсырыс берушiлердiң, жобалық және басқа ұйымдардың өкiлдерiн Кеңестiң отырысына шақыруға;

3) белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдарға және басқа ұйымдарға ұсыныстар енгiзуге;

4) бұқаралық ақпарат құрылдарында Кеңестiң отырысында қаралған материалдарды жариялау үшiн дайындауға және тапсыруға;

5) негiзгi мiндеттермен айқындалған мәселелер бойынша мемлекеттiк және басқа да органдар басшыларының ақпаратын тыңдауға құқылы.

4. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

5. Кеңес төрағадан, орынбасардан және оның мүшелерiнен тұрады.

6. Кеңестiң төрағасы лауазымы бойынша облыс әкiмi, төрағаның орынбасары лауазымы бойынша облыс әкiмiнiң орынбасары болып табылады.

7. Кеңес мүшелерiнiң құрамын облыс әкiмi қалыптастырады.

8. Кеңестiң дербес құрамы облыс әкiмiнiң ұсынысы бойынша облыстық мәслихатпен бекiтiледi.

9. Кеңес өз құрамында кiшi комиссиялар мен жұмыс топтарын құруға құқылы.

10. Кеңес отырысы төрағамен бекiтiлген отырыс өткiзудiң жылдық жоспарына сәйкес тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.

Кеңес отырысы оның құрамы жалпы санының үштен екi бөлiгi болғанда ғана өкiлеттi. Кеңес мүшелерi оның отырысына ауысу құқысыз қатысады. Кезектен тыс отырыстар Кеңестiң төрағасының бастамасымен немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысының бастамасымен өткiзiледi.

11. Кеңес шешiмдерi отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауысы шешушi болып табылады.

12. Кеңес өз өкiлеттiгi шегiнде ұсыныстық сипаты бар шешiмдердi қабылдайды.

13. Кеңес отырысының нәтижесi бойынша төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

14. Кеңес төрағасы:

1) Кеңес қызметiне басшылық етедi;

2) оның отырысында төрағалық етедi;

3) мемлекеттiк және басқа да органдармен Кеңестiң құзырына енетiн мәселелер бойынша өзара әрекеттеседi.

15. Төраға болмаған жағдайда оның мiндетiн тапсырма бойынша төраға орынбасары атқарады.

16. Кеңес мүшелерi:

1) мыналарға құқылы:

Кеңестiң құзыретiне енетiн мәселелердi қарау кезiнде дауысқа;

Кеңес қабылдаған шешiммен келiспеген жағдайда, жазбаша түрде отырыс хаттамасына тiркелетiн өзiнiң ерекше ойын айтуға;

төрағаның тапсырысы бойынша мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң Кеңес құзыретiне енетiн мәселелерi бойынша мәжiлiстерге, отырыстарға және жиналыстарға қатысуға құқылы.

2) Кеңес төрағасының оның құзыретiне енетiн мәселелерi бойынша тапсырмаларын орындауға мiндеттi.

17. Кеңестiң жұмыс органы «Солтүстiк Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ болып табылады.

18. Жұмыс органы:

1) Кеңестiң мүшелерiн Кеңес отырысының уақыты және орны туралы хабардар етедi;

2) Кеңес отырысына материалдар дайындауды ұйымдастырады;

3) Кеңес отырысының хаттамасын жүргiзедi;

4) Кеңес шешiмдерiнiң орындалуын бақылайды;

5) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17.07.2017 18:12

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика